Get Mystery Box with random crypto!

Ч И К К Е Н Н А Г Г Е Т С Ы ⠀ Жүрекшені басып, пікірлерің | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

Ч И К К Е Н Н А Г Г Е Т С Ы

Жүрекшені басып, пікірлеріңізді жаза отырыңыздар .

Үлкен баламның сүйіп жейтін асы . Мектепте анда-санда жеп тұрады екен осы тауық етін, көшеге шықсақта "Чиккен наггетс" жейм деп миды ашытады, мә саған деп үйден пісіріп бердім пеште піскен түрін. Мынау "Чиккен наггетс" емес қой дейді . Өйткені оны қуырып жасайды, мен зиянсыз пайдалы болсын деп пеште пісіргем . Дәмді екен бұл да деп қояды .

Құрамы:
Тауықтың төс еті
Ұн
Тұз, бұрыш
Жұмыртқа - 1 дана
Нан ұнтағы (панировочные сухари)
Паприка
Қалаған дәмдеуіштер қосуға болады.

Дайындалуы видеодан түсінікті болатын шығар деп ойлаймын.

- аралығында бағалап қойыңыздар .

Авторы: Moldir rysbai