Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢ ОҢАЙ ТӘТТІ ПИРОГ ⠀ Үйден үнемі табылатын, қолжетімді азық- | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

ЕҢ ОҢАЙ ТӘТТІ ПИРОГ

Үйден үнемі табылатын, қолжетімді азық-түліктерден, өте қарапайым, оңай тәтті пирог

Видеоны сақтамас бұрын лүпіл басып , пікір қалдырып кетеміз немесе кез-келген смайлик . Сіздердің раxметтеріңіз сол болсын .



Құрамы:

Сары май - 120гр
Ұн - 150гр
Шекер - 120гр
Жұмыртқа - 4 дана
Қопсытқыш (разрыx) - 1 шәй қасық
Тұз - шым-шым

Дайындалуы:

1) Жұмыртқа мен шекерді (саxар) жақсылап араластырып үстіне сары майды саламыз, араластырамыз.
2) Оның үстіне құрғақ қоспаларды салып араластырамыз
Пешті алдын-ала қыздырып аламыз

180С, қызарғанша ( 20 минуттай)

Бетіне заварной крем:
150гр сүт
Жұмыртқаның сарысы 1 дана
Шекер 50гр
Ванильді қант
Жүгері крахмалы 15гр
Какао - 2 ас қасық
Сары май бір ас қасық

Ас болсын!
Авторы: Moldir rysbai