Get Mystery Box with random crypto!

ШОКОЛАДТЫ БИСКВИТ ⠀ ⠀ Мына видеоның дауысын әрең жаз | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

ШОКОЛАДТЫ БИСКВИТ



Мына видеоның дауысын әрең жаздым ғой , менің видеоларымның ішіндегі өте жылдамдығы тез видео осы шығар , видеодағы қимылдарға сай сөйлеп шығу қиынға соқты . Сол үшін жақсылап бағалап жіберіңіздер .
Кешегі Сникерс пирогына осы бисквитті қолдандым, жалпы қалаған бисквиттеріңізді қолдансаңыздар болады.

Құрамы:
Жұмыртқа - 6 дана
Шекер - 6 ас қасық толтырып
Ұн - 6 ас қасық толтырып
Какао - 3 ас қасық
Тұз - бір салым
Қопсытқыш - 1 шәй қасық

Дайындалуы:
1) Жұмыртқаны ағынан сарысын ажыратамыз
2) Шекерді теңдей екіге бөліп, жартысы ағына, жартысы сарысына
3) Құрғақ қоспаларды міндетті түрде електен өткіземіз
4) Бір ас қасық сары майды ерітіп, суытып араластырамыз, бисквит құрғақ болмау үшін.

Мен 24см форма қолдандым, биік болғанын қаласаңыздар құрамын 2 есе ұлғайтыңыздар немесе 18см формаға пісіріңіздер. Маған төмен бисквит керек болғандықтан жалпақ етіп пісірдім.

Moldir rysbai