Get Mystery Box with random crypto!

Жеті апамды білемін.

Telegram арнасының логотипі feminismeni — Жеті апамды білемін. Ж
Telegram арнасының логотипі feminismeni — Жеті апамды білемін.
Арна мекенжайы: @feminismeni
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 264
Арнадан сипаттама

Елбасындай леген тұлға тұрғанда, мен қазақ әйелдерінің ертеңіне сенемін!
Ғашықхаттар, алғыстар hәм қарғыстарды мынаяққа жіберің: @narkessis

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-04-20 18:50:50
Астанада 16 жастағы мектеп оқушысын подъезде бейтаныс еркек зорламақ болған

Бұл туралы «НемолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі хабарлады.

Оның жазуынша, бейтаныс еркек оқушыны автобустан үйіне дейін аңдып, подъезге бірге кірген. Қандай подъезд екенін сұрап, таныспақшы болған. Дене мүшесін ұстап, қысым көрсеткен. Абырой болғанда, оқушы пәтеріне қашып үлгерді.
86 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 18:50:50 'НеМолчиKZ' парақшасына кірсем, post/decolonial феминизмге қарағанда радфемге жақын екенімді түсінемін.

Қорғаныс баллоншалары қару-жарақ дүкендерінде сатылады.
88 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 17:14:30 Жомарт пен Нұржан мырзалар кездессе, жарасымды әңгіме шығады екен.

Екеуі де нағыз husband material, қыздар.
Өзім sapphic болсам да, кеңесую.



118 views14:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 19:46:08 Жалпы Кон Ю мен Ю Ми жаман жобаларға қатыспайтын көрінеді.
Ментал жағдайыңыз көтере алса, олар түскен тағы бір фильмді ұсынар ем.
Жоқ, 'Train to Busan' емес.
Хван Дон Хёк (Squid Game) түсірген 'Silenced' (2011 ж.) туындысы.
Деректі фильм десе де болады, өйткені баяндайтын оқиға Кванджу қаласындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған мектептегі педофилия жайлы. Психологиялық тұрғыдан ауыр болса да, оптимизм сыйлайтыны: кино жарыққа шыққаннан кейінгі өзгерістер мен қоғамдық резонанс.
Олар жайлы егжей-тегжейлі білуді өзіңізге қалдырдым.
178 views16:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 19:34:04
Феминизм, k-drama'лар жақын адамдарға бұл ұсыныс жаңалық болмас. Дегенменде.

Кеше көптен бері кейінге қалдырып жүрген 'Kim Ji-young: Born 1982' фильмін көрдім. Кітап негізінде түсірілген және фем-ортадағы құрбылар кітапты міндетті түрде оқу керек дейді.
Оқиға желісі Оңтүстік Кореядағы сексизм, postpartum depression, spy-cam porn сияқты өзекті мәселелерді көтереді.
Мына қорқынышты әлемге бала әкелуді жоспарлап жүрген барлық гетеросексуал адамдар көру керек шығар. Әсіресе мырзалар.
Кинодан кейін декреттен шығып, жұмысқа бейімделуде қиындықтар сезінетін әйелдерге деген эмпатиям арта түсті.
173 views16:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 17:22:43 Нұрланның “месячный” жайлы әзілі потолок енді. Сөзім жоқ.
126 views14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 13:47:52 Өмірде өз позициясы жоқ адамдардан қорқам. Ең қауіпті адамдар солар. Одан да оңбаған болса да өз ойы, нақты позициясы бар адам болған дұрыс-ау
202 views10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 09:41:12
Машаның мына екі тиктогы арасында себеп-салдар байланысы бар.

Үй шаруасы тек қыз баланың парызы болмау керек.
Қызды үйдің құлы қылып, ұлға сол құлдықтың еңбегін тұтынуды үйреткенде біз:
1) Өзін біреудің құлы болу үшін ғана жаралған деп ойлайтын қыздарды;
2) Тұрмыстық тіршілікте еріншек, қолынан түк келмейтін, анасының, сосын әйелінің басына шығып алатын ұлдарды тәрбиелейміз.

Тұрмыстық мүгедек болудың ешкімге пайдасы тимейді.
Ал үйіңді жинап, тамағыңды жасап, балаңа қарау үшін әйел болу міндет емес.
243 views06:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 09:45:32 Дәл осындай акциялар Берлин, Варшава мен Тбилисиде өткен.
Ешкім ешкімді ұстап, автозакқа тыққан жоқ.
Өйткені әділетсіздікке қарсы ойыңды білдіру қылмыс емес.
Біздікілер ресейдің калькасы.
ауыт мұқибектерді ұстағанның орнына, бір адамға 20 мент болып жабылып жүр.
Жаңа Қазақстан, әкес.
421 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 09:37:19
Видео: masa.media / Диана Матвеева
174 views06:37
Ашу / Түсініктеме