Get Mystery Box with random crypto!

FC KAYSAR

Telegram арнасының логотипі fckaysar_official — FC KAYSAR F
Telegram арнасының логотипі fckaysar_official — FC KAYSAR
Арна мекенжайы: @fckaysar_official
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 837
Арнадан сипаттама

"ҚАЙСАР" ФК ресми телеграм аккаунты
Официальный телеграм аккаунт ФК "КАЙСАР"

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-03-02 19:31:13
Клубта жаңа серіктес

Қызылордалықтарға сапалы смарт сағаттар мен ұялы телефондар ұсынатын Smart Shop желісі “Қайсардың” жаңа маусымдағы серіктесі атанды.

Сапалы әрі қалтаға қонымды Смарт заттарды @smartshop_kzo1 - дан табуға болады.

281 views16:31
Ашу / Түсініктеме
2023-03-02 14:06:39
“Қайсар U-18” финалдық кезеңге жолдама алды

Тараз қаласында өтіп жатқан “Арман” турнирінің топтық кезеңі қорытындыланды. Бұл сында “Қайсар U-18” командасы сәтті ойнап, финалдық кезеңге жолдама алды.

Біздің жігіттер алдымен “Жетісу” жастарын 2-0, “Елімайды” 5-0, “Ақжайықты” 4-1 есебімен жеңіп, жолдамаға ие болды.

Айта кетейік, “Қайсар U-18” командасын Жарқынбек Жоламанов пен Әсет Меңліқожа жаттықтырады.

300 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2023-03-02 07:38:32
Дмитрий Бородин “Қайсардың” ойыншысы

Беларусь құрамасына кандидат футболшы Дмитрий Бородин “Қайсардың” жейдесін киді. Өткен маусымда “Ордабасы” футбол клубында доп тепкен Дмитрий биыл қасқырлардың жаңа мақсатын орындауға атсалысатын болады.

Қош келдің, Дима!

291 views04:38
Ашу / Түсініктеме
2023-03-02 06:40:52
Қуаныш “Қайсарға” қайта оралды

26 жастағы футболшы Қуаныш Қалмұратов мансабын “Қайсарда” жалғастырады. Бұл Қуаныштың “Қайсардағы” үшінші қадамы. Бұған дейін 2016 жылы командамыздың Прмеьр-лигаға ойнауына үлес қосса, 2020 жылы қасқырлар қатарында болған еді.

Қатарымызға қайта оралған Қуанышқа сәттілік тілейміз!

294 views03:40
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 20:55:58 Қасқырлар “Қызылжарға” қарсы қызу дайындықта



284 views17:55
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 08:22:39
"Қайсар" футбол клубының ұжымы барша спортсүйер қауымды Алғыс айту күнімен құттықтайды!

Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын!

296 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2023-02-28 08:40:33
Маусымашар ойынға санаулы күндер қалды

Қызылордалық “Қайсар” жаңа маусымның тұсаукесер кездесуін “Қызылжарға” қарсы өткізеді.

Қайсар Қызылжар

05.03.2023
18:00
Qazsport
Орталық стадион

Билеттер 3 наурыздан бастап, стадион кассасында сатылады. Касса Есенов көшесі бетінде орналасқан.

317 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2023-02-27 20:20:05
Ресми: Елжаспен келісім шарт ұзартылды

Жергілікті шабуылшы Елжас Алтынбеков мансабын “Қайсарда” жалғастырады. Елжас өткен маусымда “Қайсардың” мақсатын орындауда үлес қосып, қарсылас қақпасын 6 мәрте дәл көздеген еді. Шабуылшы қасқырлармен жыл соңына дейін мәмілеге келді.

Айта кетейік, Елжас жаңа маусымда Мақсат Байжановтың таңбасы яғни 7 нөмірмен өнер көрсетеді.

305 views17:20
Ашу / Түсініктеме