Get Mystery Box with random crypto!

Билеттер сатылымға шықты! Биыл «Қайсар» футбол клубының өз | FC KAYSAR

Билеттер сатылымға шықты!

Биыл «Қайсар» футбол клубының өз алаңында өтетін ойындары ақылы түрде болады.

Билет бағасы 16 жастан жоғары жанкүйерлер үшін 500 теңге,

16 жасқа дейінгі жанкүйерлер үшін 200 теңге.

Биылғы жылдың жағымды жаңалығы маусымға арналған абонемент сатылымға шығады. Абонемент сатып алушыларға жеңілдік қарастырылған. Яғни бағасы билеттен 20 пайыз арзан. Саны да шектеулі.

Абонементті төмендегі нөмірге хабарласып ала аласыздар.

8-777-528-83-17

Билет бүгіннен бастап стадион кассасында сатылады.

Билет және Абонемент алушылар лоторея ойынына қатыса алады. «Қайсардың» әр соққан гол санына қарай матчта лоторея ұйымдастырылады. Лоторея жеңімпаздарына клуб демеушілері тарапынан бағалы сыйлықтар беріледі.

Ескерту! Биыл билет кассасы Есенов көшесіне қарасты (Евразия спорт кешені бетінен) қақпа алдында сатылады және стадионға кіргізу жұмыстары да сол беттен жүргізіледі.