Get Mystery Box with random crypto!

Өз өмірімнен истихараға мысал Менің қазір Египетте жүргенімд | Фатиманың жазбаларынан🤍

Өз өмірімнен истихараға мысал

Менің қазір Египетте жүргенімді білесіздер. Дәл осы сапарға шықпас алдын мен истихара оқыған едім.

“Мен үшін хайырлы сапар болса ғана аттандыр” деп тілеген болатынмын. Сол кезде истихараның жауабы менің түсімде египетте жүргенім арқылы келген жоқ әрине

Истихара оқыған кезде мен Стамбулда демалып жүрген едім. Истихарадан соң, 2-3 сағаттан кейін маған “Египетке бүгінгі рейс көзіме түседі”. Бірден алып, сол түні ұшып кеттім. Білесіздер ме? Мен самолетке кешігіп бардым. 5:10да ұшуы қажет болған самолетке, мен 5:20-да ғана зорға жетемін. Бірақ регистрация жабылып қалса да мені қабылдап ұшаққа жібереді. Ең қызығы ұшақ жарты сағатқа кешіккен. Мен контрольдан өткен бойда отырғызу басталды. Міне істің хайыры деген осы! Сіз тіпті ойлап үлгермей бәрі тез, әрі жеңілімен болып кетеді.

Хайырлы нәрсе өз хайырымен болады. Алланың жұмысына араласпаңыз

(с) Фатиманың жазбаларынан