Get Mystery Box with random crypto!

Дәл қазіргі хәлім... Қанша сағат өткенін білмеймін, көзімнен | Фатиманың жазбаларынан🤍

Дәл қазіргі хәлім...

Қанша сағат өткенін білмеймін, көзімнен парша-парша жас тоқтар емес. Білмеймін, ішімнен бір нәрсе тесіп бара жатыр. Жанымды ауыртып, қинауда...

Бірнеше сағаттан соң жол!
Ал мен әлі заттарымды жинамадым. Жинауға қолымда барар емес. Кетуге бүкіл денем, жан дүнием қарсыласуда

Өзімді жинақтап заттарымды салсамда 2 минуттан соң қайта жылап отырып аламын. Мединаға осынша бауыр басамын деп кім ойлаған.

Түсінесіз бе?
Кеудеме пышақ сұғып, жүрегімді жұлып жатқандай халдемін. Ешкім түсіне алмайтын ішкі төңкеріліс болып жатыр. Ешқандай жұбату, уағыз өтер емес. Жүрегімнен "Қалшы..." деген сөз айғайлауда...

Жылай жылай көзде қалмады

Санам, жүрегім, көңілім, ақылым барлығы осы жақта қалмақ. Елге тірі өлік болып қайтпақпын)