Get Mystery Box with random crypto!

#My_boss 4-ші бөлім«♡» Кеш батып барады. Ал Ён Чиминнің тап | 🔞❤️‍🔥𝙁/𝙁 𝙠𝙖𝙜𝙤➹ ੈ ‧₊

#My_boss

4-ші бөлім«♡»

Кеш батып барады.
Ал Ён Чиминнің тапсырмасы бойынша Нина екеуіңді аңдуда. Нина екеуің ештеңеден күдіктенбедіңдер.Екеуің кеш батып бара жатқан соң саябақтан шықтыңдар.
Сен:Нина бұл өте керемет болды иә. -күле
Нина:Иә әрине мұнда кіргеніміз қандай жақсы болған -деді ол да мәз бола.Сүйтіп екеуің такси тоқтатып,таксиге отырдыңдар.Ёнда да жылдам машинасына отыра сала сендер отырған таксидің артынан жүріп отырып, Нина екеуің тұратын пәтерге келді.Сосын Ён бірден бұл жайлы Чиминге хабар берді.Чимин бұл хабарды естіген соң ертеңге жоспар құра бастады. Ал Ён тапсырманы орындап болған соң кеңсеге қайтты.Чимин екеуі кеңседегі біраз құжаттарды реттеп болған соң өз үйлеріне қайтты.Ал екі қыз пәтерлеріне келіп тамақ ішіп болып,түнге дейін фильм қарап сосын,ұйқыға жаттыңдар.

#Таң.

Нина әдеттегідей ерте тұрып сені оятты.Сен ұйқыңды қимай әрең тұрдың. Сөйтіп екеуің таңғы астарынды ішуге үстел басына отырдыңдар.Бір кезде есік қоңырауы соғылды.
Сен:таң атпай бұл кім?
Нина:Қазір мен көріп келейін-деп барып қарады. Нина кім екенін көріп шок болды.
Нина:Па...Пак Чимин -деді аузы ашыла.
Сен:Нина кім екен?Бір кезде:
—Мен, -деген ер адамның даусы шықты.Сен ішіп отырған тамағына қақалып қалдың.Орныңнан атып тұрдың.
Сен:Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
Чимин:Демек пәтерде тұрады екенсің ғой -деді орындыққа отыра.Нина да сенің қасына келді.
Нина:Мұнда шаруаңыз қанша бізді қалай таптыңыз? -деді қабағын шытып.
Чимин:Бұл маған мәселе емес -деді өзімшілдене.
Сен:Сізге тағы не керек? -деді түсініксіз түрмен.
Чимин:Мен кешегі үшін кешірім сұраймын!
Сен:Айтқыңыз келгені осы болса рахмет, өтінем енді кетіңіз!
Чимин:Мен әлі бітпедім.
Нина:Айтты ғой сізге кетіңіз деп.
Чимин:Иә мен кетем,бірақ кетер алдында құрбыңа бірдеңе айтып алайын -деді орнынан тұра.
Сен:Иә тыңдап тұрмын айтып тезірек үйімнен кетіңіз
Чимин:Егер де сені мен емес жұмыс қызықтыратын болса мұны дәлелелде -деді сенің көздеріңе тура қарай.
Сен:Иә мені жұмыс қызықтырады бірақ мұны сіздейлерге түсіну қайдан.
Чимин:Демек дәлелдей алмаймын де,ендеше сенде расымен сол қыздардың қатарынан екенің белгілі болды -деді есік жаққа жүре.Сен біраз ойлаңдыңда:Тоқтаңыз!?
Сен:Жарайды мен мұны дәлелдеймін,бірақ қалай дәлелдегенімді қалайсыз.
Чимин:Расымен дәлелдегің келсе менің хатшым бол.
Сен:Жарайды келістік, -дедің бір қасынды көтере.
Нина:С/А сен сенімдісің бе? -деді таңғала.
Сен:Иә сенімдімін.
Чимин:Ендеше түстен кейін кеңсеге кел күтемін -деп бір езуімен күле кетіп қалды.
Чимин сыртқа шықты. Ал Ён оны сыртта машинамен күтіп тұр еді.
Ён:Мырза отырыңыз -деді машина есігін ашып.Чимин машинаға отырды.Сосын Ён да отырып машинаны оталдырып кеңсеге жол тартты.
Ён:Мырза ісіңіз біттіме? -деді.
Чимин:Иә менің әрқашан қалағанымды істейтінімді білесің ғой, -деді масаттана.
Ён:Иә мырза,бірақ айып етпесеңіз бір нәрсе сұрасам деп едім?
Чимин:Иә әрине сұра?
Ён:Сізді неге әлгі қыз қызықтырды,бұрындағы қыздардың ешқайсысы сізді қызықтырмаушы еді ғой?.
Чимин:Себебі ол қыз басқаларына ұқсамайды, өте ерекше -деді сені алғаш рет көрген кезін ойлап ойға бата.
Ён:Мырза,мырза? -деді ойға батып кеткен Чиминге.
Чимин:Аа иә айта бер? -деді ойынан шығып.
Ён:Мырза шамасы сіз оған..?
Чимин:Жоқ мен оған ғашық болатындай ақымақ емеспін.Ён бұл сөзді естіп күліп жіберді.
Чимин:Неге күлдің?
Ён:Мырза мен сізге ғашықтық жайлы ештеңе айтпадым ғой?
Чимин:Жарайды жетер көп сөйлеме,әйтпесе жұмыстан шығасың!Деп қабағын түйді
Ён:Жарайды мырзам.
Ал сен болса үйіңде жынданайын деп отырсың.
Сен:Ууфф құдайым ау ол албастыға қайдан ғана жолықтым құдайым маған сабыр бере гөр -дедің аспанға қарап.
Нина:Өтінем құрбым сабыр ет.
Сен:Иә мен сабырлы боламын бірақ мен онымен жұмыс істеуге қалай келістім?
Нина:Енді өзіңнің жәй қыз емес екеніңді дәлелдеймін демеп пе едің.