Get Mystery Box with random crypto!

#Практикант_ағай 8-бөлім«♡» Чимин бүкіл бөлмені аралап,С | ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗

#Практикант_ағай


8-бөлім«♡»


Чимин бүкіл бөлмені аралап,С/а-ны іздеп шықты.
-С/а?Қайдасың?
Чимин үйді басына көтеріп айғайлауда.
Бір кезде ас үйден тарс еткен дыбыс шықты.
Чимин:мұнда кім жүр?
Чимин ас үйге асықпай,аяғының ұшымен барды да,есігінен сығалады.
Қараса,С/а газды өшіріп тұр екен.
Чимин жүгіріп барды да,С/а-ны құшақтап алды.
Чимин:ақымақ қыз!Неге сонша уайымдаттың?Не үшін жауап бермедің?
С/а-ның көзі банка.
С/а:Ч...Чимин?Неге түрің бұзылып кеткен?
Чимин:мен сені әлгі Тэ Хун алып кетті ма десем
С/а:жооқ.Қайдағы?
Чимин:неге шкаффта киімің жоқ,онда?
С/а:Чимин,менде көп киім жоқ.Екі ақ киім екенін білесің ғой.
Чимин:ұмытып кетіппін онда бүгін кешкісін киім алуға,сауда орталығына барып қайтайық.
С/а:жарайды.
Чимин:С/а,тамақ дайын болған шығар,мен дастархан жасап жіберейін.
Чимин С/а-ны отырғызды да,тездетіп тамақ әзірлей бастады. Екеуі бірге тамақ ішті де, ыдыс жууға кірісті.
Чимин ыдыстарды көпіртіп жуа бастады. С/а мәәәз.Чимин көпіршіктерді алып, С/а-ға үрлеп жатыр.

С/а:ей,ақымақ.Қойсаай.
С/а-да оған қосылып көпіршік шашып жүр. Мұның арты су шашуға әкелді.Екеуінің үстері шылқылдаған су. Чимин мен С/а бір біріне қарап күлуде.
С/а:түүүу,бекер су болды ғой.Чим, сен маған бір киіміңді бересің.
Чимин:жалаңаш жүре берсейші.
С/а:ееей,қумашы.Чиим.
Чимин:рас айтам С/а.Екеуміз ғана ғой.
С/а:мәә ренжідім болды.
Чимин:қара,қазір мен саған сиқыр көрсетемін,сосын сен ренішіңді ұмытып кетесің рас айтам.
Чимин басына орамал тақты,алдына алжапқыш байлады да,қолына еден жуатын шлавраны алып,еденнің суларын сүртіп билеп жүр.С/а күлкіден ішегі түйіліп қалардай болып отыр.
Чимин:қалай ұнадыма?
Чимин С/а-ға жақындап.
С/а:әрине қатты ұнады қыз болып туылсаң,пысық болайын деп тұр екенсің ғой.
Чимин:сен күлсең,бүкіл әлем нұрлы мен үшін.
Чимин С/а-ны арқасына отырғызып алды да,жоғарғы қабатқа көтеріліп,С/а-ның бөлмесіне кірді.
Чимин:сенде салмақ деген жетеді екен ғой ия?
Чимин С/а-ға қарап күлді.
С/а:кетшии.Көтере алмасаң неменеге көтересің?
Чимин:ойнап айтам.Сен тез киін.Сосын қыдырып қайтамыз.
С/а киініп бояна бастады.Бір кезде Чимин есіктен басын кіргізді де:
Чимин:С/а боянба,саған басқа жігіттер қарап қояды.
С/а күліп тұрды да,есікке айна алдында тұрған помаданы лақтырып жіберді, Чимин басын шығарып үлгерді.
С/а:кішкентай бала сияқты өзі.

#Сауда_үйі.
С/а өзіне бірнеше киім алды.Чимин болса, оған қарап қылығына тамсануда.
Чимин:сен періште екенсің С/а. Саған әрбір секунд өткен сайын ғашық болудамын.
Чимин мен С/а қол ұстасып жүрді.
С/а:оппа,менің қарным ашты.
Чимин:қарның аштыма?
С/а:иәәә.Ашты.
Чимин:мені жей сал.
С/а:Басқа кіретін бірдеңе айтшы а?
Чимин:жарайд,ашуланба.Жүр саған суши әперем
С/а:оо сушии.
Чимин мен С/а тамақтануға келді.
Чимин:С/а сен отыра тұршы.Мен жуынатын бөлмеге барып келейін.Ыстықтап кеттім.
С/а:бірақ тез кел
Чимин:құп болады С/а ханым

Чимин жуынатын бөлмеге келді де,бетін салқын суға жуа бастады.
Басын көтеріп,айнаға қарап еді,артында тұрған Тэ Хунді көрді.Чимин артқа бұрылды.
Тэ Хун:ооо бақытты көрінесің Пак Чимин! Қалай өмірің ұнап жатырма?
Тэ Хун арам күліп,Чиминге қарай жақындады.
Чимин:ұнап жатыр.Сен мұнда нестеп жүрсің?
Тэ Хун:ааа менбе?-қолдарын ұстап,- бітпеген ісімді бітіруге келдім.
Чимин:қандай іс ол бітпеген?
Тэ Хун:менің бітпеген ісім ол сен Пак Чимин!Ақыры,бұл күнде туды.Сені анау аспанға жіберетін күн келді.
Чимин:не?
Чиминнің басына қатты соққы жасалды. Чимин басы айналып,жерге құлап қалды. Тэ Хун адамдарына қарады да:мынаны апарып,қоймаға байлап қойыңдар.Мені ана жақта сүйіктім күтіп қалды.
Екі жігіт Чиминді көтеріп,алып кетті.Тэ Хун С/а отырған орынға қарай келді.
Ол асықпай келді де,С/а-ның арт жағынан, иығынан келіп ұстады.
С/а:түу,Чимин саған тез кел дедім ғой,- Тэ Хуннің қолынан ұстады да,артына бұрылды.
С/а:Т...Тэ Хун?
Тэ Хун:сәлем С/а!
С/а:мұнда қайдан жүрсің?
Тэ Хун:өзіме тиесіліні алып кетуге келдім.
С/а:тиесіліні?
С/а күдікпен Тэ Хун қарады да,ойына бірден Чимин түсті.
С/а:Чимин?Ол қайда?
Тэ Хун жайбарақат С/а ға қарады да күліп жіберді.