Get Mystery Box with random crypto!

#қатыгез 12-бөлім«♡» «Соңғы бөлім» Бұл уақытта жігіттер жа | ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗

#қатыгез


12-бөлім«♡»
«Соңғы бөлім»

Бұл уақытта жігіттер жақын маңнан бірде-бір тас таппады.Шуга:Қырсық шалғыр, бірде-бір тастың жоғын қарашы,-деп ашынды.Сен бомбаның үстінен түспекшісің.....


#Арадан_2_күн_өтті.
Барлық теледидар,радио,ғаламтор желісіндегі бағдарламалар,газет-журналдардан елді шулатқан жаңалықтар жазыла бастады. Теледидардан:Əлемге əйгілі BTS тобына осыдан екі күн алдын тағы шабуыл жасалды.Сәттілік солардың жағында болғандықтан тағыда бір қиын жағдайдан аман қалды. Шабуыл жасалған оқиға орны қала сыртындағы орманда болған.BTS тобының түсінік беруі бойынша үш бомба арқылы ол жерде үлкен жарылыс болған. Оқиға орнында тек үш адам қалған.Біріншісі-жігіттердің оққағары.Ал қалған екеуі-жігіттерге қастандық ойластырғандар екен. Жарылыстың зардабынан орманның 5/1 бөлігі өртеніп кеткен.Өрт сөндіру үшін бақандай 1 тәулік кетіпті.Бұл өрттен сонда қалған үш адамның сүйектеріде қалмаған көрінеді.Жігіттердің айтуы бойынша оққағар бомбаны басып тұрған. Ал жігіттерді жіберіп,сол жердегі қастандық ойластырушылар мен бірге қаза тапқан екен,-деп хабарлады.Бұл жаңалық барлық жерге өте тез тарады.

Осылай күн артынан күн,ай артынан ай өтіп арадан 1 жылдай уақыт өтті.Жігіттер сенің анаңның жанында отыр. Өйткені сенің өлгеніне дəл 1 жыл толды.Анаң сен қаза тапқаннан кейін,жүрек талмасына ұшырап, ауруханада жатыр.Компаниясы қараусыз қалған соң,банкрот болды. Жігіттер мен бірге ағайда сенің анаңды жұбатып, ауруханадан шықты.Олар өте асығыс. Себебі олар сенің құрметіне бүгін концерт қоймақшы. Барлығы көлікке отырып ойланып кеткен,тіпті ағай да.Ағай іштей өз өзіне сөйлеп:С/А ол шыныменде рухы мықты қыз.Алғашында оған күлген едім. Өйткені қыз бала тым күшті болатынына сенбедім. Ал қазір ешкімге айтпасамда мақтан тұтам.Тірі болғанында оны Big Hit тыңдалымына шақырар едім,бірақ тым кеш,-деп күрсінді.Намджун бір алдыңғы болған жайтты есіне алды.

#Еске_алу.

Жігіттер тас іздестіріп жүр.Бірде Чонгук қолымен жылап жатқан əйелді сүйреп келе жатты.
Ол:Бұл жерден тездетіп кетеміз,-деді. Намджун:Бұл не дегенің?
Чонгук:С/А ол жерден қашып шыға алады. Ол үшін уайымдамаңдар.
Сенің анаң:Өтінем,қызымды құтқарыңдар,-деп ащы даусымен жылай бастады.Чонгук оны ары қарай алып жүріп кетті.Жігіттер Чонгуктың арқасынан жүріп,неге олай айтқанын сұрап əлек. Солай олар біраз жүріп,жарылыс болатын жерден сəлде болсын алыстады.Бірде жігіттер алдағы бірнеше метрге дейін ұшып кетті.Себебі арттарында үлкен жарылыс болды.Олар жерде жатып,қолдарымен бастарын жауып алды. Тағы да екі рет жарылыс болды.Бұл жағдайдан соң олар естерінен адасардай болды.Өйткені жарылыстың əсері күшті болды.Тіпті оларды ағай келіп зор ға алып кетті.Сол кезде ағай келіп,оларды көлікке салып алып кетті. Одан соң жігіттердің болған жерлеріде жана бастады.Ағай жігіттермен сенің анаңды ауруханаға алып келді.Баста олар біраз уақытқа дейін ештеңе ести алмай,шокта тұрды. Жаңағы жарылыстың көрінісі миларын улағандай еді.
#Еске_алу_аяқталды.

Намджун:Жігіттер үшін алаңдаймын. Себебі сол оқиғадан кейін олар аз сөйлейтін тұйық болып кетті. Тек камера алдында ғана өздерін жақсы ұстайды. Бұған қарағанда оларды қайта бұрынғы қалпына əкелуге болады.Ал С/А туралы ойым-ол өте ақылды қыз. Ол бұл өмірде жоқ болса да,біздің өмірімізге өз ізін қалдырып кетті.

Джин:С/А мүлдем қатыгез емес.Қолдары адам өлтірседе,ойы жаман емес. Ол өз арманы мен өмірінің күл-талқаны шыққан өмірдің бақытсыз жаны.Оның соңғы қуанышы мен арманы анасы мен біздің тірі қалғанымыз еді. Ол үшін бұл оқиға өмірінің қуанышы болса,біз үшін естен кетпес қайғылы жайт.

Шуга:Мен қазіргі кезде көп ұйықтай алмаймын,себебі қорқынышты түстер көрем. Түсімде сол баяғы жарылыс кетпейді,үнемі бір түс қайталанады.Үнемі С/А-ды құтқаруға тырысып,сонда жүгірем, ал бірақ енді жеткенде жарылыс болады. Содан талай шошып ояндым.С/А туралы менің пікірім - ол түсімнің керемет батыры.