Get Mystery Box with random crypto!

🦋fanfik_world🦋

Telegram арнасының логотипі fanf1kme — 🦋fanfik_world🦋 F
Telegram арнасының логотипі fanf1kme — 🦋fanfik_world🦋
Арна мекенжайы: @fanf1kme
Санаттар: Суреттер мен фотолар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 340
Арнадан сипаттама

│| °ʙᴏᴍʙᴀ ꜰᴀɴꜰɪᴋᴛᴇʀ🌶. * ༄🍓💌
│| °ᴋᴜᴢᴜᴋᴛʏ ᴘᴏꜱᴛᴛᴀʀ♨ ೃ ‧₊˚🗒. 🥥
│| °ᴅʀᴀᴍs, ᴋ ᴘᴏᴘ🦊ミ ೃ ‧₊🛁
│| °ɪɴғᴏ, ᴠɪᴅɪᴏs, ᴘʜᴏᴛᴏs🥅࿐ྂ。☁️◌
Вл:: @alisha_a0
Бас админка:: @meilixx

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-16 20:06:10 fanfik_world pinned «Сезім шыңында 13 бөлім Юн: Жақсы,бара бер. Сенің көзің билеп жүрген Юн мен Миннаға түсті. Біреу жүрегін пышақтап жатқандай күй кештің. С/а: мені Айюдың үйіне апарып тастай аласыз ба?- Юннан көз алмаған күйі. Тэ басын изеді. Тэның көлігі…»
17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 20:06:01 Юн: “Саған деген сезімім бар” десем ше?-сенен көз алмай.
С/а: Сенімсізбін.- Юнның қолын өз қолыңан алып тастай бөлмеден шығып кеттің.
Арада біршама уақыт өткен соң. Юнның көлігі жоғары жылдамдықпен жол жиегіне келіп тоқтады. Рөлді бірнеше рет ұрып-ұрып жіберген жігіт басын көлік орындығына тірей көзін жұмды.
Юн: Саған да қарамайтын қыз бар екен,Чон Юн мырза. Құттықтаймын! - өз-өзіне.
Маған бір мүмкіндікті қимағаның ба, Ким С/а? Тұтанып келе жатқан сезім шоғын өшіре салғаның ба?
13 бөлім соңы
35 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 20:06:01 Сезім шыңында
13 бөлім
Юн: Жақсы,бара бер.
Сенің көзің билеп жүрген Юн мен Миннаға түсті. Біреу жүрегін пышақтап жатқандай күй кештің.
С/а: мені Айюдың үйіне апарып тастай аласыз ба?- Юннан көз алмаған күйі.
Тэ басын изеді.


Тэның көлігі Айюдың үйіне келіп тоқтады.
С/а: Рахмет!
Тэ: басын изей, менің жаныма сәлем айт- деді де.Өз жөнімен кете барды.
Сен есікті қақтың. Араға санаулы секундтар сала Айю есікті ашты. Сен Айюды көре сала жылап жібердің.
Айю: С/а,не болды? Неге жылайсың? Қане,үйге кірші.
Айю есікті жаба сені үйіне кіргізді. Стақанмен су әкеле саған ұсынды.
Айю: Айта ғой,неге жылап отырсың?
С/а: Ол маған ұнайтын сияқты.
Айю: Кім? Юн бе?
Сен басыңды изеп.
Айю: С/а ,бұның ...
С/а: Білем,бұным қателік. Тіпті ақымақтық. Ол басқа жанды сүйеді. Ал мен ақымақ ...
Айю: Құрбым-ау ...
Айю сені құшақтады.
Айю: Бұл ешқандай да қателік те,ақымақтық та емес. Махаббат деген кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт.
С/а: Бірақ оның сүйгені бар. Бүгін екеуін бірге көрінгенде,жүрегіме біреу қанжар сұққандай болды.
Айю: Не деп кеңес берерімді білмеймін. Юн болмай жатса, Пакты көрерміз.-деді Айю әзілге айналдыра. Сен жасыңды сүртіп, күліп қоясың.

Би алаңынан келген Юн сені өз орныңнан көрмеді. Сенен сәл көз жаза қойып еді,таппай қалды. Юн клубты екі айнала сені іздеді. Ізім-қайым жоқ. Ойын қорқынышты ойлар торлап алды. Клубта не көп,ішіп алған жастар көп. Оларға нәзік қыздың күші жетпейтіні анық. Олар саған бірдеңе істеп қойса ше? Осы ойды ойлағанда, Юн өзін жек көріп кетті.
Минна: Қымбаттым,неге кетіп қалдың?-деді Юнның жанына келіп.
Юнның көзі клубқа кіріп келе жатқан Тэге түсті.
Дереу төменге түсе:
Юн: Аннаны көрдің бе?
Тэ: Миннаға барсаңшы.
Юн: Тэ.- айқайлап жіберді.
Тэ: Не? Екеуіңді тамашалап отыра беруі керек пе еді?
Юн: Ол қайда?
Тэ: Қайтесің? Минна ны ертіп барып,тағы қыздың алдында көрініс қоймақсың ба? Аман-сау,қауіпсіз жерде.
Юн үнсіз қалды.
Тэ: Жүрегіңе құлақ ас,достым.
Юн клубтан шықты да,көлігіне мінді. Рөлге басын қоя досының сөздерін есіне алды. “...көргенде жүрегің тез соға ма? Әркез оны ойлайсың ба? Оның қылықтары жүзіңе күлкі үйіре ме? Оны кез-келгеннен қызғанасың ба? “
Юнның көз алдына сенің сүйкімді қылықтарын елестеді.Есіне оны көргенде жүрегінің өз-өзінен қатты соғатыны, сенің жанындағы кез-келген жігітті көргенде,атуға оғы болмай тұрғандай сезімде болатыны түсті.
Юн: Мүмкін емес.- деді өз-өзіне. Дереу досына қоңырау шалды.
Юн: Ол қайда? Бұл маңызды.
Тэ: Айюдың үйінде. Мекен-жайды жазып жіберемін.
Санаулы секундтардан соң,досынан да хабарлама келді.
Юн көлігімен жүйткей сонда бет алды.

Айюдың үйі.
С/а: айтпақшы Тэ маған менің жаныма сәлем айт деді. Мен түсінбедім.
Айю мәз болып күлді.
С/а: неге күлесің?
Айю: біз Тэ екеуміз кездесіп жүрміз.
С/а: не?
Айю: бір бірімізді қатты жақсы көреміз.
Ол сондай сымбатты әрі жақсы жігіт.
С/а: ия- мен сені қызғанайын дедім.
Екеуің күле.

Юн белгіленген мекен-жайға да келіп жетті. Есікті бар күшімен ұрды. Жоғары қабатта отырған Айю мен сен үркіп кеттіңдер.
Айю: Қазір.- деп төмен түсті. Есіктің кіші дөңгелігінен Юнды көрді де,есікті ашты.
Айю: Қоңырау соқсаң да,естиміз.
Юн: С/а қайда?
Айю: Жоғарыда.
Юн дереу жоғары қабаттағы алғашқы бөлменің есігін ашты. Юнды көрген сен таңғала орныңнан тұрдың.
С/а: Мұнда не іс ... -сөзін жалғастыра алмады.Себебі Юн сенің еріндеріңнен сүйді.
Юн сенің екі бетіңнен ұстап ерніңнен ажырып қайта сүйді. Сен итерсеңде күшің жетпеді. Арада бірнеше секунд өтіп сенен ажырағанда, сенің көзіңнен бір тамшы жас ағып түсті.
Юн: С/а ... -сені көріп сасқалақтап қалды.
С/а: Сізге менімен ойнаған ұнай ма?- басыңды көтере.
Юн: Мен ...
С/а: Сіз не ,кіші Чон мырза? Өзге қызды құшып келіп,мені сүюге арланбайсыз ба?
Юн жауап қатпады.
Сен сөзіңді жалғай:
Бірақ мен сіз емеспін. Мен сізден,тіпті өзімнен жиіркенудемін.
Сен бөлмеден шықпақ болған едің, Юн сенің білегіңнен ұстай:
41 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 19:45:19 fanfik_world pinned «Сезім шыңында 12 бөлім Гой ханым сендердің артарыңнан қарай. Гой мырза: Жаным,бәрі жігітке байланысты. Көңілін табар болса,көнбейтін қыз жоқ. Гой ханым: Сен өзіңді мақтап жатқан жоқсың ба осы?-күліп. Родж мырза: күйеуіңе бір мақтау сөз…»
16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 19:45:12 Кеш көңілді өтіп жатты. Тек сен үшін емес. Юн мен Минна бір-бірімен күлісе,әңгімелері бітер емес. Бұл кеште сені ойлап отырған жалғыз Тэ ғана. Саған тағам ұсына,қызықты әңгімелерін айтып,әйтеуір досының бұл қылығын өзінше жасырып-жабуда. Қонақтардың тізіміге жаңа қосылған бір жігіт саған жақын отырмақ болған еді, Юн жігітке “Денсаулығың артықтық етіп жүр ме?” деген хабарлама жазып жіберді. Әлгі жігіт дереу клубтан шығып кетті.Кенет баяу ән қосылды. Жастар жұптарымен би алаңына асықты. Минна да Юнды сүйрей кетті.
Юн: Мен “баяу ән қоймаңдар” деп ескерттім ғой.- жанынан өтіп бара жатқан қызметкерлердің бірінің құлағына сыбырлай.
: Минна ханым айтқан соң ...
12 бөлім соңы
35 views16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 19:45:12 Атаң: дәрігер келінім болғаны қандай жақсы. Ён мен Юнды да кішкентайынан ауырып қалғанда емдеп көз ілмейтін едің-жымиа.
Бұл түні Чон әулеті ұйқы көрмеді.Таңертең. Сен ұйқыңнан ояна бастадың. Үстелге басын тіреп отырған Юн дереу орнынан көтеріле сенің жаныңа келді.
Юн: Халің қалай? Еш жерің ауырып тұрған жоқ па?
С/а: Жоқ. Бәрі жақсы!
Бөлмеге тамақ ұстаған апаң кіріп келді.
Апаң: Ояныпсың ғой. Ауырып тұрған жоқсың ба?
С/а: Басым сәл ауырып тұр.
Апаң: Көп өтпей басылуы керек. Қане,беті-қолыңды жуайық. Сосын тамақтанамыз.
С/а: Тәбетім жоқ,апа.
Юн: Қырсықпай іш. Кеше де қырсығып берген киімді алмадың. Енді,міне,ауырып отырсың.
С/а: Міндетсінбеңіз.
Сен осы сөздерді айттың да,теріс қарап жатып алдың.
Юн: Өз еркің. Осылай ауырып жата бергің келеді екен ғой.
Юн ашулана бөлмеден шығып кетті. Юнның артынан апаң да төменге түсті.
Апаң: Балам-ау,мұның не? Дүрсе қоя бергенің не?
Юн: Ол өзі қырсық сондай. Адамның айтқанын бір тыңдамайды.
Жаңағыдай айтсаң,қалай тыңдасын?! Ол қыз баласы. Оған жұмсақ сөйлеуің керек.
Юн апасына қарады.
Апаң: Бара ғой. Біраз дәрі ішті,дәрі күш-қуатын алып қойған шығар. Оған әл жинау керек.
Юн жоғарыға көтеріліп кетті. Бөлмеге кіріп еді ,сен әлі теріс қарап жатыр екенсің.
Юн: С/а
С/а: ....
Юн: Мен тек сенің әлденгеніңді қаладым. Тамақтанып алшы. Қатты ауырдың ғой.
Сен Юнға қарадың. Юн жымиып, саған тамақ ұсынды.

Арада 1-2 күн өтті. Сен жазылып сабағыңа қатысып жүрсің. Универден шығып келе жатқан едің , алдыңнан Пак шықты.
Пак: Сәлем!
С/а: ....
Пак: Көріспегелі біраз болды. Халің қалай?
С/а: Сау бол!
Пак: С/а.
Сен алдыға жүріп шығып кеттің. Пак саған жетіп алды да,қолыңнан ұстай, бос ешкім тұрмайтын көшеге сүйреп алып келді.
С/а: Бұның не сенің? Пак- жандарыңнан өтіп бара жатқан студенттер сендерге қарап өтті.
Пак: Сөйлесейік.
С/а: Екеумізде сөйлесетін әңгіме жоқ.
Сен кетіп бара жатқан едің ,
Пак : 8 жыл бұрын .-деді саған жақындап:
Сен жігітке түсінбей қарадың. Пак сөзін жалғап:
Сендер еріксіз үйленгендеріңді білгенде,қалай қуанғанымды білсең ғой. Тынысым ашылып,жаңа дем алғандай болдым.
С/а: Доғар.
Пак:Маған бір мүмкіндік берші.
С/а: Жоқ, мені андып мүмкіндік сұрағанша болашақ қалындығыңа көңіл бөл.
Пак: сен мені таңдадың Юнды емес. Сосын не болды аяқ астынан түркияға кеттің.
Біз...
С/а: керек емес ол кезде мен саған аяушылықпен қарадым. Сенің Юн сияқты бауырларың, толық отбасың болмады. Сол кезде мен саған тек аяушылықпен ғана сырласып дос болдым. Бар естігің келгені осы ма? Енді мені жайыма қалдыр.
Юн студенттердің бірінен: 4-курстарда әлі паралар көп пе?- деп сұрады.
:Оларда пара тек 15:00-ге дейін ғана болады.
Юн: Солай ма? Ал сіз Ким С/а ны бүгін көрмедіңіз бе?
: С/аны соңғы рет Пак деген жігітпен бірге көргенмін. Шамамен жарты сағат бұрын.
Юн: Рахмет!- деді жалған жымия. Көлігіне тездетіп мінді де,рөлді қыса,көлікті жоғары жылдамдықпен айдап кетіп қалды.


Кеш. Сен үйіне кешкі сағат 8-дерде оралдың.. Үй іші тым-тырыс. Чон әулеті бүгін достарының мерейтойына кеткен болатын. Сен бөлмеңе кіріп едің, балкон да тұрған Юнды көрдің.
Юн: Қайда болдың?- деді бұрылмастан.
С/а: Серуендеп қайттым.
Юн: Айю мен бе?
С/а: Жалғыз.
(Юн: “Өтірік” -деді ішінен.)
Алайда сен біраз жалғыз бойжазған болатынсың.
Юн: Бүгін достарыммен бас қосам. Барамысың?
С/а: Мен оларды танымаймын да ғой.
Юн: Маңызды емес. Кеттік.
С/а: Киімді ауыстырайын да тым құрығанда.
Юн: Сәнденудің қажеті шамалы.- деді қатқыл дауыспен.
Юнның көлігі жарты сағат ішінде “Dark Night” клубына келіп жетті.
Юн клубқа кірген бойда достарымен амандаса кетті. Мұндағы жастардың көпшілігін сен танымайсың. Тек 1-2 -уін алдыңғы сауықкешінен білесің. Сенің көзің Минна ға түсті. Минна да саған көз тастап,жақтырмай қарады. Юн Миннаның жанына отыра ,қызды иығынан құшақтап отырды. Сенің жүрегің ауырып кетті.
Тэ: Мұнда отыра ғой.С/а .- саған өз жанынан орын ұсына. Сен басыңды изей Тэ ның жанына отырдың.
36 views16:45
Ашу / Түсініктеме