Get Mystery Box with random crypto!

Өмірге өзінің байлықтарын көрсетуге мүмкіндік берудің бір жолы | 𝐸 𝑈 𝑃 𝐻 𝑂 𝑅 𝐼 𝐴

Өмірге өзінің байлықтарын көрсетуге мүмкіндік берудің бір жолы - өзіңіз сенетін ақиқаттар жайлы ашық мәлімдеу. Сізге өмірден ләззат алуға кедергі келтіретін идеялар мен ойлардан бас тартыңыз. Өзіңізге және бүкіл әлемге ойлаудың теріс модельдері сіздің қаперіңізден шыққанын жария етіңіз. Өзіңіздегі қорқыныштардан арылыңыз, жүрегіңіздегі тасты лақтырып тастаңыз. Мен мына төмендегі ойларға сенемін және олар маған қызмет етіп келеді:
— Менің білуім тиістің бәрі мен үшін ашық;
— Маған қажет нәрсенің бәрі өз орнымен, уақыт-сәтімен келеді;
— Өмір маған шаттық пен махаббат әкеледі;
— Мен махаббатқа иемін, махаббатқа лайықпын және сүйіктімін;
— Менің денім сау және бақуатпын;
— Мен айналысқан істерімнің бәрінде жетістікке жетудемін;
— Мен өзгергім және жетілгім келеді;
— Менің әлемімде барлығы тамаша.


Махаббатпен: @euphori1aa