Get Mystery Box with random crypto!

Ауылға келіп-кеткен сайын ішім ашиды. Келгенде еститін жаңалық | eshke_re🪐

Ауылға келіп-кеткен сайын ішім ашиды. Келгенде еститін жаңалықтар тек ‘Анау үйленді, мынау тұрмысқа шықты, мынау бала туды’ дегенмен шектеледі. Менен кіші қыздардың кетіп жатқанын көріп, бәрінің сұрайтыны: ‘Сен ше? Қашан кетесін?’ Мінезім түзелгенде, мінезі түзу жерге әйтеуір бір кетермін. Бірақ неге үйлену, тұрмысқа шығу дейтін жай дүние болып кеткен? Қазақстанда бір жылда үйленген отбасылардың 50% ажырасады. Ал Приснтон университетінің зерттеуі бойынша, үйлену, отбасы құру адамды тек 1,5 жыл ғана бұрынғыдан бақыттырақ қылады да, әрі қарай сол баяғы деңгейге түседі. Анда-санда жүгіруге шығамын. Неліктен менің жүгіріп жүргенім біреуге қызық/ерсі көрінеді де, басқаның менің жасымда 3-ші баланы туып жатқаны бір түрлі емес?