Get Mystery Box with random crypto!

Нұрланған Медина қаласының бір отырғанда ойға оралған он қасие | Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Нұрланған Медина қаласының бір отырғанда ойға оралған он қасиеті.

1. Бұл қала - мүбарак мекен. Егінінен бастап әрбір түйір топырағына дейін берекелі өлке. Себебі, Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм бұл қалаға береке тілеп дұға еткен.
2. Бұл қала - Алла Елшісі саллаллаһу алейһи уә сәлләмді мәңгілікке бауырына басқан жер.
3. Бұл қала - Алла Елшісі саллаллаһу алейһи уә сәлләмға қамқор болған сахаба ансарлардың туған жері.
4. Бұл қалада мұсылмандар арнайы құлшылық ету үшін келетін үш мешіттің бірі - Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләмнің мешіті орналасқан.
5. Пайғамбар мешітіндегі бір намаз жай мешіттердегі 1000 намазға тең құлшылық.
6. Бұл қалаға Масих Тажал кіріп, бүлік жасай алмайды.
7. Бұл қалада үмметтің ең қайырлы ғасырының өкілдері - ансарлар мен муһажирлер бірге өмір сүрген.
8. Бұл қаланы Алла Елшісі саллаллаһу алейһи уә сәлләм “Таиба” (Көркем) қаласы деп атаған.
9. Бұл- Алланың соңғы Пайғамбары саллаллаһу алейһи уә сәлләм негізін қалаған алғашқы мұсылман мемлекетінің астанасы болған қала.
10. Бұл қала - имандылықтың ұясы. Жылан ініне қайта оралып кіретіні секілді, имандылық та дайым Мединаны ұялайды.

Раббым, бізге де осы қаланың берекесінен нәсіп ете көр