Get Mystery Box with random crypto!

Уа Үммет! Харам харам болып қала береді, тіпті оны барлық ад | Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Уа Үммет!

Харам харам болып қала береді,
тіпті оны барлық адамдар жасап жатса да.

Хиджаб парыз болып қала береді,
тіпті оны барлық әйелдер шешіп тастаса да.

Өлім ақиқат болып қала береді,
тіпті оны барлық тірілер ұмытып кетсе де.

Тәубе есігі ашық болып қала береді,
тіпті Алланың құлы күнәға мың рет оралса да.

Иә, Алла! Біздің ақырымыздың қайырын бер!