Get Mystery Box with random crypto!

Жалақысы жоғары ТОП 3 мамандық: Сендер, жаңадан мектеп бітір | ҰБТ | ЕНТ | UBT 2020

Жалақысы жоғары ТОП 3 мамандық:


Сендер, жаңадан мектеп бітіріп жатсыңдар. Сондықтан, қай жерден жұмыс іздеуге болатынын біле жүріңдер. Head Hunter деген платформа бар. Ол жерде жұмыс іздеген адам өз резюмесін салады, ал жұмысшы іздеген адам ашық вакансияны сол жерге жазады.

Так вот, солардың жүргізген зерттеуі бойынша, Қазақстанда 2020 жылы ең жоғарғы жалақы алатын мамандықтар:

1. Жоғарғы менеджмент (TOP Management). Негізгі атқаратын қызметтері нақты емес. Бастысы компанияны басқару. Дамыту. Оларда нақты график, нақты тапсырмалар жоқ. Барын салып жұмыс істеу ғана.
Орташа айлық 1млн -1.3млн теңге

2. Шикізат өндірісі. Оған мұнай өндірісі, шикізаттағы инженерлер кіреді. Орташа жалақысы 800мың - 900 мың теңге

3. Ақпараттық технологиялар. Бұл жерге түрлі программисттер кіреді. Олар machine learning, data science, фулстэк программист және тағы да басқа.

Орташа жалақысы 500мың - 800 мың теңге


Топ менеджер атану үшін кез келген саланы оқып, кейін карьера баспалдағымен көтерілуге болады. Ал нақты менеджмент мамандығына оқуға түсу үшін МАТЕМАТИКА және ГЕОГРАФИЯ пәндерін таңдайсыз. Грантқа шекті бал әдетте 123 баллдан басталады.

Шикізат өндірісі саласында нақты мұндай ақпарат айту қиын.
ХИМИЯ, ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА таңдау керек. Грантқа шекті балл 80-нен басталады.

Ақпараттық технологиялар мамандығын көп университеттер оқытады. Таңдау пәндері ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА. Грантқа шекті ұпай 98 балл.