Get Mystery Box with random crypto!

​ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдері

Ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімі арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға кетуді рәсімдеу.
Тұрақты тұруға кетуге рұқсатты тіркеу кетуші азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында салық берешегі немесе басқа да орындалмаған міндеттемелері жоқ екенін растауы үшін қажет.

Назар аударыңыз! Егер Cіз алдымен басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріп, содан кейін ҚР консулдығына Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсырсаңыз, онда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында «азаматтықтан айрылу/шығу» белгісі жазылады. Алайда мұндай белгімен БЖЗҚ төлем жасауға құқылы емес. Сондықтан алдымен тұрақты тұруға кетуді дұрыс рәсімдеу маңызды, содан кейін ғана басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беру керек.

БЖЗҚ-ға құжаттар тізбесін ұсыну
Құжаттар тізімі тапсыру әдісіне байланысты ерекшеленеді: жеке, үшінші тұлға, пошта арқылы. Құжаттар тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Құжаттарды алдын ала тексеру
БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын жібермес бұрын, олардың дұрыс ресімделгенін алдын ала тексеруге жіберуді ұсынамыз. Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде аталған қызмет түрі қолжетімді.