Get Mystery Box with random crypto!

Жауап: Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені бірнеше жолме | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

Жауап:

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені бірнеше жолмен:
Қордың enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте,
БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келген кезде,
пошта байланысы қызметтері арқылы жылына бір рет,
электрондық пошта мекенжайына
электрондық үкіметтің веб-порталы не ұялы қосымшасы арқылы алуға болады.

БЖЗҚ дерекқорында әрбір салымшының (алушының) хабарлау тәсілі, яғни оның өзінің зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі айқындалғанын атап өткен жөн.

Зейнетақы шотын ашу кезінде хабарлау тәсілі автоматты түрде "БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде" ретінде анықталады. Дегенмен, БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы ақпарат алу тәсілін өзгертуге болады. Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте ақпараттандырудың "интернет арқылы" деген бір ғана тәсілін таңдауға болады. Бұл тәсіл сізге ЭЦҚ-сыз ЖСН және пароль арқылы Жеке кабинетте авторлануға мүмкіндік береді.