Get Mystery Box with random crypto!

​ Жауап: Зейнетақы төлемдеріне заңды құқық басталған кездегі | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ Жауап: Зейнетақы төлемдеріне заңды құқық басталған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы шотына нақты енгізілген сомалар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беріледі.

Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде, зейнетақы шотында жинақталған кірістілік жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңі ішінде жинақталған инфляция деңгейіне арақатынаста есептеледі.

Егер кірістілік инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет алушыға бұл айырманы республикалық бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлеммен төлейді. Егер кірістілік инфляцияға тең немесе одан асатын болса, онда мемлекеттік кепілдік төленбейді.

Инфляция деңгейінен төмен емес кірістілікті өтеу жөніндегі норма "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР заңына 2003 жылы енгізілген, алайда 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысы салдарынан осы норма белсенді түрде 2009 жылдан бастап іске қосылған.

Соңғы жылдары зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляциядан асып түсті. Сондықтан, мемлекеттік кепілдік сомасы жылдан-жылға төмендеуде. Егер 2018 жылы мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер 12,8 млрд теңгені құраса, 2021 жылы тек 1,4 млрд теңге ғана болды.

Кез келген жағдайда, егер қаржы нарықтарының тұрақсыздығы ұзақ мерзімді болса, мемлекет инвестициялық кіріске байланысты жағдайдың қалай қалыптасатынына қарамастан, салымшылардың жинақтарының сенімді қорғалуына кепілдік береді.