Get Mystery Box with random crypto!

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану 2021 жылдан б | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану

2021 жылдан бастап БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңыздың бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалануға немесе оларды инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) ауыстыруға болады.

ИПБ-ға зейнетақы жинақтарын аударған кезде салымшылардың ақшасы зейнетақы жүйесінде қалып, олардың нысаналы мақсаты сақталады. Ал жинақтарды тұрғын үй немесе емделу мақсатында пайдаланған кезде қаражаттың Қордан алынып, нәтижесінде жинақтар сомасының қысқаратынын түсіну маңызды.

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы шотындағы жинақтардың сомасына байланысты болғандықтан, жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану туралы шешімді мұқият қабылдауды ұсынамыз.

Мәлімет үшін! БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы ең төменгі төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% тең (26 172,30 теңге). 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дан ай сайынғы ең жоғары зейнетақы төлемі 707 мың теңгеден асады.