Get Mystery Box with random crypto!

​ Назар аударыңыз! Зейнетақы жасына жеткен және БЖЗҚ-да зейн | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ Назар аударыңыз!

Зейнетақы жасына жеткен және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар 170 мыңнан астам салымшы (алушы) төлем алуға өтініш білдірмеген

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін проактивті форматта тағайындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аталған салымшылардың (алушылардың) телефон нөмірлеріне нұсқау берілген sms-хабарлама жолдайды.

Назар аударыңыз!
проактивті қызметті алу кезінде БЖЗҚ-ға немесе ХҚКО-ға жүгіну және құжаттарды тапсыру талап етілмейді, тек хабарламаға қазақ немесе орыс тілінде жауап беру керек. Қызметті алу үшін өзіңіздің жеке деректеріңізді, банк карталары туралы мәліметтерді және т. б. ешқайда жіберудің қажеті жоқ. Алаяқтардан сақ болыңыз!
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен мерзімі салымшының (алушының) зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығына байланысты.