Get Mystery Box with random crypto!

​ 2022 жылдың 01 маусымындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (Б | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ 2022 жылдың 01 маусымындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) бойынша ақпарат

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында орындалған өтінімдердің жалпы саны: 1 323 432, сомасы 3 117 млрд теңге
Емдеуге ақы төлеу мақсатында орындалған өтінімдердің жалпы саны: 384 969, сомасы 298,0 млрд теңге

Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын нақты қандай мақсаттарға жиі пайдаланады?

Орындалған өтінімдер саны бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған БЗТ-нің ең жиі қолданылатын 3 қосалқы мақсаттары:
азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (465 165 немесе 35%),
одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинағына салымды толықтыру (276 187 немесе 20,8%),
ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) (209 580 немесе 15,8%).

Орындалған өтінімдер саны бойынша емделуге арналған БЗТ-нің ең жиі қолданылатын 3 қосалқы мақсаттары:
стоматологиялық қызметтер (369 638 немесе 96%),
офтальмологиялық қызметтер (10 908 немесе 2,8%),
анықталмағаны (1 820 немесе 0,5%).

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 8,7 млрд теңгеге 5 870 өтінім орындалды
Аударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге

Толық ақпарат enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» бөлімінде жарияланған.