Get Mystery Box with random crypto!

​ ЖАУАП: Зейнетақы жинақтары – бұл зейнетақы жарналары мен ол | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ ЖАУАП:
Зейнетақы жинақтары – бұл зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістің сомасы.

Инвестициялық кіріс – бұл зейнетақы жинақтарының қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі және салымшының таңдауы бойынша жеке инвестициялық компаниялар басқарады.

Зейнетақы жинақтары түрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетел валюталары және т.б.) инвестицияланады. Әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты қаржы құралдарының құны үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғаюы да, азаюы да мүмкін.

Егер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені мұқият қарасаңыз, онда инвестициялық кіріс сомасының өзгеретінін, ал іс жүзінде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасы өзгеріссіз қалатынын көруге болады.

Зейнетақы активтерінің құнын қайта бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады. Яғни, "жаңа" инвестициялық кірісті есептеуді осы күндері қадағалауға болады.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар екенін атап өту маңызды және инвестициялық кірістің мөлшерін кемінде бір жыл кезең кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.