Get Mystery Box with random crypto!

​ Егер сіздің телефон нөміріңіз, e-mail немесе үй мекенжайыңы | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ Егер сіздің телефон нөміріңіз, e-mail немесе үй мекенжайыңыз өзгерген болса, онда БЖЗҚ-да деректемелерді келесі тәсілдермен өзектендіруге болады:

-тәсіл. Жеке кабинетке кіру (enpf.kz сайтында немесе ұялы мобильді қосымшада), «Қызметтер» бөліміне өту, одан әрі «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» тармағын таңдау қажет. Қызметті алу үшін ЭЦҚ қажет;
-тәсіл. БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару;
-тәсіл. Қызметті «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен алу. Осы қызметті көрсететін бөлімшелердің тізімі enpf.kz сайтында «Қызметтер», әрі қарай «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық» бөлімінде жарияланған.

Жеке куәлікті ауыстыру кезінде деректемелердің өзгеруі
БЖЗҚ жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері туралы мәліметтерді ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан алады. Сондықтан деректерді өзектендіру үшін БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ, олар жүйеде автоматты түрде жаңартылады.