Get Mystery Box with random crypto!

​ Қаржыға қатынасы Қаржылық мәселелерге қатысты жеткілікті | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

​ Қаржыға қатынасы

Қаржылық мәселелерге қатысты жеткілікті білімі мен байыпты іс- әрекет ету қабілеті бола тұрса да, қабылдаған шешімдерге бәрібір адамның көзқарасы ықпал етеді. Сақ, қаржылық тұрғыдан тұрақты адамның белгілері – шығындарды бақылай білуі мен ақша жұмсаудағы ұқыптылық (бюджетті жоспарлау, қажетсіз сатып алудан бас тарту), төлемдерді уақытылы төлеу (пайыздар мен қарыздарды жинамау үшін), кірістің ықтимал өзгерістері мен қажеттіліктің өсуін (мәселен, зейнетақымен қамсыздандыру) ескере отырып, ұзақ мерзімді жоспарлау.

Біз зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты көзқарасты қарастырамыз.

ТМД-ның барлық дерлік елдері мемлекеттік міндетті және ерікті үйлестіруші зейнетақы жүйелерінің, жеке баламалардың және басқа да ұзақ мерзімді жинақтаушы зейнетақы өнімдерінің пайда болуымен соңғы 30 жыл бойы үздіксіз реформаланған мемлекеттік міндетті зейнетақы жүйесін мұра етті.