Get Mystery Box with random crypto!

БЖЗҚ мен ҚР нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақс | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

БЖЗҚ мен ҚР нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында реттелген болатын.

Аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

***

Между Министерством юстиции РК, Республиканской нотариальной палатой, АО «Национальные информационные технологии» и ЕНПФ был заключен Договор об интеграции нотариальной информационной системы «Е-нотариат» и информационной системы Фонда. Это было сделано в целях оптимизации взаимодействия между ЕНПФ и нотариусами РК в части предоставления ЕНПФ сведений нотариусам, регламентированных Законом «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан».

Согласно Договору, нотариусы имеют возможность посредством Единой нотариальной информационной системы «Е-нотариат» (ЕНИС) делать запрос в ЕНПФ по находящимся в их производстве наследственным делам (при обращении наследников) о наличии у умерших вкладчиков индивидуального пенсионного счета в ЕНПФ. Это позволяет узнать о наличии денег на данном счете в онлайн-режиме, без направления письменных запросов в ЕНПФ.

#НотариусЖәнеБЖЗҚ #ЕНПФиНотариус