Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге б | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін мыналар қажет:

Заңда белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға кетуді ресімдеу,
БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын тапсыру.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне немесе халықтың көші-қоны саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде ҚР ІІМ-ге жүгіну қажет.

Шетелге тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кететін азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында орындалмаған міндеттемелерінің жоқтығын растауы үшін қажет.

Өтініш берушіде «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер базасында «ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты ҚР уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы» мәліметтер болған жағдайда ғана БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүргізуге құқылы. Мұндай жағдайларда зейнетақы жинақтарын төлеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Егер кететін азамат алдымен басқа елдің азаматтығын рәсімдеп, содан кейін ҚР консулдығына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырса, онда «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер базасына «Азаматтығынан айырылуына байланысты ҚР уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы» мәліметтер енгізілетін болады. Алайда мұндай белгімен БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға құқылы емес.

ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемге өтінішті орындаудан бас тартуды болдырмау үшін ең алдымен, көші-қон қызметі бөлімшелері арқылы міндетті түрде шығуды ресімдеу және осыдан кейін ғана басқа елдің азаматтығын ресімдеу қажет.

Барлық құжаттар пакетін, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілерін төлем валютасының түріне қарай, сенімхат үлгілерін Сіз enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтының «Қызметтер» бөлімінен таба аласыз.

***

Для получения пенсионных выплат в связи с выездом на ПМЖ за пределы Республики Казахстан необходимо следующее:

Оформить выезд на ПМЖ в установленном порядке,
Предоставить пакет документов в ЕНПФ.

В целях оформления разрешения на выезд на ПМЖ за пределы РК необходимо обратиться в территориальное подразделение миграционной службы органов внутренних дел по последнему месту регистрации жительства в Республике Казахстан либо в МВД РК как государственному органу, осуществляющему регулирование в сфере миграции населения.

Оформление разрешения на выезд на ПМЖ необходимо для того, чтобы выезжающий гражданин подтвердил отсутствие неисполненных обязательств на территории Республики Казахстан.

Только при наличии в Государственной базе данных «Физические лица» сведений «о недействительности документов заявителя, выданных уполномоченным органом РК, в связи с выездом на ПМЖ за пределы РК» ЕНПФ вправе производить пенсионные выплаты. Выплата пенсионных накоплений в таких случаях осуществляется в течение 10 рабочих дней.

Если выезжающий гражданин сначала оформит гражданство другой страны, а затем сдаст паспорт и удостоверение личности гражданина Республики Казахстан в консульстве РК, то в Государственной базе данных «Физические лица» будут внесены сведения «о недействительности документов, выданных уполномоченным органом РК, в связи утратой гражданства». Однако с такой пометкой ЕНПФ не вправе осуществлять выплату пенсионных накоплений.

Для того, чтобы избежать отказа в исполнении заявления на выплаты в связи с выездом на ПМЖ за пределы РК, прежде всего, необходимо в обязательном порядке оформить выезд через подразделения миграционной службы и только после этого оформлять гражданство другой страны.

Весь пакет документов, требования к их оформлению, а также бланки заявлений и образцы их заполнения в зависимости от вида валюты платежа, образцы доверенностей Вы можете найти на официальном сайте АО «ЕНПФ» enpf.kz в разделе «Услуги».

#ЗейнетақыЖинақтары #ПенсионныеНакопления