Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ 2021 жыл | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім күшіне енді.

Енді ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырады, сақтайды және одан әрі іске асыра алады.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет 01.01.2021 ж. кейін еңбекшілердің өз аумағында алған жұмыс өтілі үшін өзінің заңнамасы бойынша зейнетақы төлейтін болады.

БЖЗҚ құзыретті орган ретінде еңбекшілерден (отбасы мүшелерінен), мұрагерлерден өтініштер, құжаттар қабылдауды, мәліметтер мен құжаттарды дайындауды, өңдеуді, қалыптасқан зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдауды, зейнетақы төлеуді (жеткізуді) ұйымдастыруды және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады.

Қор сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде әрі қарай «Зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға ақпарат» бөлімінде осы тақырып бойынша толығырақ ақпарат жарияланған.