Get Mystery Box with random crypto!

БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға бере алады

Нені білу керек?

Аударым сомасы салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауы тиіс
Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударға болады, бұл ретте жинақтарды бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға жылына көп дегенде бір рет қана беруге болады
Аударымға өтінішті Қор бөлімшелерінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте беруге болады
Жинақтарды ИПБ-ға аудару өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Жинақтың қалған бөлігін басқаруды Ұлттық Банк жалғастырады
Мәлімделген соманы ИПБ-ға аударған сәтке дейін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе Қор бөлімшесіне барып өз өтінішінің күшін жоюға болады
ИПБ инвестицияларды басқару үшін ақы алуға құқылы. ИПБ үшін сыйақының барынша көп мәні алынған инвестициялық кірістің 7,5% -нан аспауы керек
ИПБ -да сенімгерлікпен сақталған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруына ИПБ-ға алғашқы аударудан кейін екі жылдан ерте емес мерзімде қайтаруға болады
Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету кепілдемесімен ауыстырылады.
Cалымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын салымшының жинақталған зейнетақы қаражаты Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

***

Вкладчики ЕНПФ могут передать часть своих пенсионных накоплений в инвестиционное управление частным управляющим компаниям

Что нужно знать?

Сумма перевода не может превышать разницу между фактической суммой пенсионных накоплений вкладчика в ЕНПФ и порогом минимальной достаточности пенсионных накоплений
Перевести средства можно одному или нескольким управляющим инвестиционным портфелем (УИП), при этом переводить средства от одного УИП к другому УИП можно не чаще одного раза в год
Заявление на перевод можно подать в отделениях Фонда либо в Личном кабинете на сайте enpf.kz
Перевод накоплений в УИП осуществляется в течение 30 календарных дней с даты поступления заявления. Оставшаяся часть накоплений продолжит находиться под управлением Национального Банка.
До момента перевода заявленной суммы управляющему инвестиционным портфелем можно аннулировать свое заявление в Личном кабинете на сайте enpf.kz либо в отделении Фонда.
УИП имеют право на взимание комиссионного вознаграждения за инвестиционное управление. Предельная величина вознаграждения УИП не может превышать 7,5% от полученного инвестиционного дохода.
Вернуть пенсионные накопления, находящиеся в доверительном управлении УИП, в доверительное управление Национальному Банку можно не ранее, чем через два года после первоначальной передачи в УИП.
При переводе пенсионных накоплений в управление УИП гарантия государства заменяется гарантией управляющей компании по обеспечению минимального уровня доходности пенсионных активов.
За 10 календарных дней до достижения вкладчиком пенсионного возраста пенсионные накопления вкладчика возвращаются под инвестиционное управление Национального Банка.