Get Mystery Box with random crypto!

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ Әлемдік тәжірибеде қаржыландыру | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Әлемдік тәжірибеде қаржыландыру қағидаты бойынша зейнетақы жүйелерінің екі классикалық түрі қарастырылады: таратушы және жинақтаушы.

Таратушы зейнетақы жүйесінде зейнеткерлерге төлемдер жұмыс істейтіндердің ағымдағы табыстары (бюджетке ағымдағы салық түсімдері) есебінен жүргізіледі.

Жинақтаушы жүйеде жұмыс істейтін ұрпақтың жарналары қарт адамдарға төлеуге жұмсалмай, жинақталады, инвестицияланады және инвестициядан алынған кірістермен бірге болашақта жинақтауды жүзеге асырғандарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін қолданылады.

Кейбір елдерде зейнетақы жүйелерінің таратушы және жинақтаушы түрлерінің элементтерін қолданатын және біріктіретін шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі кездеседі. Бұл ретте зейнетақы құқығы қатысушының зейнетақы жүйесіне жарналарын аудару арқылы табыс етіледі. Келіп түсетін жарналар мен олардың сомаларын есепке алу жеке жүргізіледі, жинақтардың шартты теңгерімін индекстеуге болады, және зейнетақы жасына жеткенде қатысушының шартты жинақталған зейнетақы капиталы аннуитеттік төлемдерге айналады.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі көп құрамдауышты болып табылады.
Мемлекет іргелі зейнетақымен қамсыздандыруды бюджетке салықтық түсімдер есебінен қаржыландырылатын базалық және ортақ зейнетақы түрінде ұсынады.
Екінші деңгей – жұмыскерлердің міндетті 10% жарналарын және жұмыс берушілердің қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер табыстарының 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қамтиды.
Үшінші деңгей – жеке және корпоративтік ерікті зейнетақы жарналарынан тұрады.