Get Mystery Box with random crypto!

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ТӘУЕЛСІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ  ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ   | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ТӘУЕЛСІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ  ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
 
Зерттеу мақсаты - халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін және халықтың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындау.
 
Зерттеу телефон және сауалнама жүргізу арқылы өткізілді.Барлығы 3000 респонденттен сұхбат алынды.
 
Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тұрғындар өздерінің қаржылық әл-ауқаттарының негізі  төмендегідей көздерден болады деген пікірді ұстанады:
 БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жинақтары - 42,33%
 Мемлекеттен берілетін зейнетақы - 21,17%
 БЖЗҚ-дағы жинақтардан басқа да өзге жинақтар - 15,77%
 
БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі өскенін атап өткен жөн. Қорға деген сенімнің орташа деңгейі 6,0 балды құрайды (ең төменгі мәні 1, ең жоғарғы мәні 10 балл), яғни, нәтижелер орташадан жоғары. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,4 балл болған еді.
 
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейі екі деңгей бойынша талданды: базалық және ілгері. Базалық деңгейдегі білім коэффициенті 62% құрады. Мұнда сұрақтар зейнетақы жарналары мен төлемдерінің түрлері, сондай-ақ БЖЗҚ функциялары бойынша болды.
 
Жетілдірілген деңгейді бағалау үшін сұрақтар күрделене түсті. Бұл жерде ҚР Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін басқаруына қатысты функциялары туралы, өз жинақтарын жеке басқарушы компанияларға беру мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы сұрақтарға жауап беру қажет болды. Нәтижесінде ілгері деңгейдегі білімнің жалпы коэффициенті 27,5% - ды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (26,9%) жоғары.
 
Зерттеу нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты enpf.kz  сайтындағы Жаңалықтар бөлімінен алуға болады.
 
***
 
ИТОГИ ЕЖЕГОДНОГО НЕЗАВИСИМОГО СОЦИОЛОГИЧЕСКОГО ИССЛЕДОВАНИЯ
 
Цель - определить уровень финансовой грамотности населения в сфере пенсионного обеспечения и степень доверия населения к АО «ЕНПФ».
 
Исследование проводилось с помощью телефонного опроса и анкетирования, в общей сложности было опрошено 3000 респондентов.
 
Население придерживается мнения, что основным источником их финансового благосостояния после окончания трудовой деятельности будут:
пенсионные накопления из ЕНПФ – 42,33%,
пенсия от государства – 21,17%.
иные сбережения - 15,77%
 
Вырос уровень доверия к ЕНПФ. Средний уровень доверия к Фонду составляет 6,0 баллов (минимальное значение 1, максимальное 10 баллов), т.е. результаты выше среднего. В прошлом году этот показатель составлял 5,4 балла.
 
Уровень финансовой грамотности в сфере пенсионного обеспечения был проанализирован по двум уровням: базовому и продвинутому. Коэффициент знаний базового уровня составил 62%. Здесь вопросы были по теме видов пенсионных взносов и выплат, а также функций ЕНПФ.
 
Для оценки продвинутого уровня вопросы были сложнее. Здесь нужно было ответить на вопросы о функциях Нацбанка РК в части управления пенсионными активами, о возможностях передачи своих накоплений частным управляющим компаниям, а также об инвестировании пенсионных накоплений. Общий коэффициент знаний продвинутого уровня составил 27,5%, что выше всё же показателя прошлого года, который составлял 26,9%.
 
Более подробнее о результатах исследования можно ознакомиться на сайте enpf.kz в разделе Новости.