Get Mystery Box with random crypto!

БІЛІП ЖҮРІҢІЗ... «ҚР-да Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» За | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

БІЛІП ЖҮРІҢІЗ...

«ҚР-да Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнетақы жинақтары – бұл салымшының жеке зейнетақы шотында ескерілетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер.

Зейнетақы жинақтарының негізгі 3 қағидасы:

Зейнетақы жинақтары – салымшының меншігі, оның сақталуына мемлекет кепілдік береді. Оған салымшының еркінен тыс ешкім билік жүргізе алмайды, яғни үшінші тұлғаларға немесе мақсатқа сай келмейтін басқа да төлемдер жасай алмайды.

Жинақтар үздіксіз инвестицияланады, яғни олар «құр жатқан жоқ», салымшыға «жұмыс істейді». ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқарады. Инвестициялаудың басты қағидаты - бұл олардың сақталуы, яғни қандай да бір себептермен оларды жоғалту тәуекелін азайту. Енді Қазақстан азаматтары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен жоғары) басқа басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға аудара алады. Біз оларды - инвестициялық портфельді басқарушылар, қысқаша – ИПБ деп атаймыз. Қалған зейнетақы жинақтары ҚР Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) басқаруында болады.

Барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлігі әрбір салымшының шотына апта сайын есептелетін инвестициялық табыстан тұрады және кез-келген салымшы БЖЗҚ мобильдік қосымшасы немесе Қор сайтындағы өзінің жеке кабинеті арқылы өз жинақтарын «24/7» режимінде бақылай алады.