Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылдың 28 қаңтарында «Отбасы банк» АҚ уәкілетті операто | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

2021 жылдың 28 қаңтарында «Отбасы банк» АҚ уәкілетті операторынан «БЖЗҚ» АҚ-ға жалпы сомасы 103,1 млрд теңгеден астам сомаға 4 426 өтінім келіп түсті.

Жалпы сомасы 17,2 млрд теңгеден астам 3 151 өтінім немесе 71% өңдеуге қабылданды. Қаражат «БЖЗҚ» АҚ-ға өтінімдер келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей салымшылардың «Отбасы банктегі» арнайы шоттарына аударылатын болады. Аударымның орташа сомасы 5,45 млн теңгені құрайды.
1 275 өтінім немесе 29% «БЖЗҚ» АҚ тарапынан қабылданбады.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:
1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

#БЖЗҚкүнСаны_ЖинақтардыШешу #БЖЗҚкүнСаны_БЗТ