Get Mystery Box with random crypto!

Өтінімдерді қабылдаудың үшінші күні 2021 жылдың 27 қаңтарында | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

Өтінімдерді қабылдаудың үшінші күні 2021 жылдың 27 қаңтарында «Отбасы банк» АҚ уәкілетті операторынан «БЖЗҚ» АҚ-ға жалпы сомасы 151 млрд теңгеден астам сомаға 27 240 өтінім келіп түсті.

6 988 өтінім 73% немесе жалпы сомасы 38,6 млрд теңге тексеруден сәтті өтті. Қаражат «БЖЗҚ» АҚ-ға өтінімдер келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей салымшылардың «Отбасы банктегі» арнайы шоттарына аударылатын болады. Аударымның орташа сомасы 5,5 млн теңгені құрайды.
2 578 өтінім немесе 27% «БЖЗҚ» АҚ тарапынан қабылданбады.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:
1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

#БЖЗҚкүнСаны_ЖинақтардыШешу #БЖЗҚкүнСаны_БЗТ