Get Mystery Box with random crypto!

Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары зейнетақы жарнала | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кірістен құралады. Ол инвестициялық портфельдегі қаржы құралдарының құнына және қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Осыған байланысты зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің белгіленген шегінен асатын, алуға қолжетімді сома өзгеруі мүмкін.

Қолжетімді сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға өтініш берер алдында тексеруге кеңес береміз. Сонымен қатар өтінімде уәкілетті операторлардың («Отбасы банк» АҚ және екінші деңгейдегі банктер) ұсынымдарына сәйкес, БЗТ сомасын бөліп-жармай, дөңгелектеп, қосымша белгілер қоймай, бос орын және т. б. қалдырмай көрсету керек.
БЖЗҚ-ның барлық техникалық және ақпараттық ресурстары штаттық режимде жұмыс істеуде.

***

Пенсионные накопления на индивидуальном пенсионном счете складываются из пенсионных взносов и инвестиционного дохода, который изменяется ежедневно в зависимости от стоимости финансовых инструментов в инвестиционном портфеле и ситуации на финансовых рынках. В связи с этим сумма, доступная к изъятию, превышающая установленный порог достаточности пенсионных накоплений, может меняться.

Рекомендуем проверять информацию о доступной сумме в личном кабинете на сайте enpf.kz или в мобильном приложении ЕНПФ непосредственно перед подачей заявки на получение единовременных пенсионных выплат (ЕПВ). Кроме того, в заявке следует указывать сумму ЕПВ согласно рекомендациям уполномоченных операторов (АО «Отбасы банк» и банки второго уровня) – с округлением, без дополнительных знаков, пробелов и т.п.
Все технические и информационные ресурсы ЕНПФ работают в штатном режиме.

#ЗейнетақыЖинақтары #ПенсионныеНакопления