Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы | БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,9 трлн теңгені құрады.

2020 жылдың ішінде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,3 трлн теңгені құрады.

Есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 831,68 млрд теңге;
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 85,76 млрд теңге;
- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 291,02 млрд теңге;
- басқа активтерді қайта бағалаудан түскен кірістер (ПФИ) 5,49 млрд теңге;
- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 50,25 млрд теңге;
- басқа да кірістер 9,28 млрд теңгені құрады.

Қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің құрылымы www.enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер-Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.

#ИнвестициялықҚоржын