Get Mystery Box with random crypto!

Сапарға шыққанда вокзал немесе әуежайға ерте баратын әдетім ба | Shabyttan'🤝'

Сапарға шыққанда вокзал немесе әуежайға ерте баратын әдетім бар. Бұл менің пунктуалдығым емес, ұшақ немесе пойызды жіберіп алмайын деген қорқынышым болса керек. Бір қызығы, біздің түсінігімізде Еуропалықтар өте пунктуалды болып көрінетіні болмаса, бұлар да көп кешігеді. Оған бір мысал ретінде 2:30да жүру керек маршрутым 3:40та келгенін айтқым келеді.
Пойыз және автобус арқылы әуелі Лион қаласына(Клермон қаласын кесіп өтіп) кейіннен түнделетіп Гренобль қаласына келдім. Лион - Француздардың Марсель мен Парижден кейінгі ең әдемі әрі ірі қалалардың қатарына қосатын банк пен бизнес орталықтары. Ал Лион маған Кәрім Бензема мен Мемфис Депай ойнаған футбол клубын еске салады. Лионда ұзақ аялдамай, орталығын көріп, өзіме жақын түрік асханаларынан тамақтанып Гренобльге жолға шықтым.

Келесі сапар Альпі жоталарын жалғыз кезуім және Мон-Блан арқылы Швейцарияға баруым

Жалғастырайын ба?