Get Mystery Box with random crypto!

Кішкене ой түбіне кетейікші… Осы бір сәтте, Кейбіреу түрмеден | Shabyttan'🤝'

Кішкене ой түбіне кетейікші…
Осы бір сәтте,
Кейбіреу түрмеден бостандыққа енді шықты,
Кейбіреу бостандықтан түрмеге кірді,
Кейбіреу тәуелсіздік үшін соғысуда,
Кейбіреу тәуелсіздіктен күдер үзіп, шетел асуда,
Кейбіреу ой бостандығына, кейбіреу қаржылық бостандыққа бар өмірін сарп қылуда…

қарап тұрсам әркімде өзіндік тіршілік, біреу барға шүкір етсе, енді біреу жоққа сабыр етіп талпынады.

Бәрінен де жақсысы - “шүкір мен сабыр”-ды қатар ұстау секілді.

25-қазан - Мемлекеттік Егемендік күні құтты болсын!

Тәуелсіздікке шүкір етіп, болашаққа сабырмен әрекет етейік!