Get Mystery Box with random crypto!

Жарты сағат Динара Сәтжанның комментарийін оқыдым. Түсінгенім | emotional baggage

Жарты сағат Динара Сәтжанның комментарийін оқыдым.

Түсінгенім бұл ел шынымен қатты исламизацияға еніп кетіпті.

Меніңше бұл қорқынышты.

Мен де "дәстүрлі исламды" қолдаймын.

Қазақ "Құдайдың еркесі" еді. Ол кездегі Құдай қазіргідей қорқынышты емес еді. Ол кезде шалыс бассаң тозаққа сүйрелемейтін.

Қазақ Құдайсыз болған жоқ. Жүрегінде еді. Өн бойына сіңген, өзіміздің дін бар еді.

Оның ішінде тәңіршілдікте бар, ислам да бар, отқа табыну да бар, дстүрде бар.

Ол сонысымен біздің ислам еді.

Ол сонысымен жүректерден орын алып. Жайлылық сыйлайтын.

Ешкім сауап санап жүрмейтін.

О дүние де бұ дүние де бар еді.

Мемлекеттің жаппай дінге бет бұруы ешқандай жақсылық емес. Бұл дүниені қайтесіңдер қиыншылықтың бәрі, кедейліктің бәрі сынақ қызықтың бары ана жақта деу саясиланған идеология. Ол дін емес.