Get Mystery Box with random crypto!

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалардың банкроттығ | EL.INFO

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалардың банкроттығын тану туралы заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында екенін айтты.

Заңның алдын-ала нұсқасына сәйкес, жеке тұлғалардың банкроттығы кезінде үш тетікті енгізу ұсынылады: соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттық 12 ай бойы берешекті және 1,6 мың АЕК (4,9 млн теңге) аспайтын борыш мөлшерін өтемеген кезде мүмкін болады.

Сот банкроттығы 4,9 млн теңгеден асатын борыш кезінде және қарыздың басқа да түрлері бойынша қолданылады. Бұл рәсімде борышкердің мүлкі аукционда сатылуға жатады, түскен қаржы есебінен кредиторлар алдындағы борыштарды өтеу жүргізілетін болады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру қарыздарды төлеу үшін сот арқылы бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады.


@elinfo_kz