Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда 2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында X | EL.INFO

Алматыда 2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында X «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдердің кинофестивалі өтеді.

Фестивальдің ашылуы 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында, ал жабылу Чаплин кинотеатрында өтеді.

Бұл іс-шара әлемнің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, олардың шығармашылығын қолдауға және насихаттауға бағытталған.

Фестиваль қатысушылары халықаралық комиссияға қысқа метражды, толықметражды ойын және деректі фильмдер жанрындағы дебюттік жұмыстарын ұсынады, оларды бағалай отырып, қазылар алқасы ең жақсы картиналарды таңдап қана қоймай, ең жақсы режиссерді, актер мен актрисаны анықтайды.


@elinfo_kz