Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандағы ішкі көші-қон ҚР Еңбек министрлігі Көші-қон са | EL.INFO

Қазақстандағы ішкі көші-қон

ҚР Еңбек министрлігі Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы аясында ішкі көші-қонды дамытуға және ынталандыруға баса назар аударылатынын хабарлады.

Осылайша, қоныс аударушыларды қабылдайтын әрбір облыста Қоныс аударуды ынталандырудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленетін болады, оның шеңберінде қоныс аударушыларды жермен, инженерлік, логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етеді.

Жұмыс орындарын құру үшін бизнес идеялар конкурсы өткізілетін болады, орталық және солтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылып, кеңейтіледі, оларға өндіріске және техникамен қамтамасыз етуге жеңілдетілген кредиттер берілетін болады.

Сондай-ақ қоныс аударушыларға тұрғын үй алу кезінде үй құнының 50%-ы мөлшерінде қаржылық көмек көрсетілетін болады, ол үшін жұмысқа қабылданғанын растайтын құжат қолында болуы керек.


@elinfo_kz