Get Mystery Box with random crypto!

Табиғи апат кезіндегі әлеуметтік көмек Әрбір отбасы өрт неме | EL.INFO

Табиғи апат кезіндегі әлеуметтік көмек

Әрбір отбасы өрт немесе табиғи апат салдарынан зардап шегіп, мүлкінен айырылған, мүлкі бүлінген және мүлкіне маңызды залал келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек ала алады.

Көмек алудың жалғыз талабы – табиғи апат немесе өрттің салдарынан отбасына немесе мүлікке зиян келтіру фактісінің болуы.

Әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша атқарушы органға жүгіну қажет. Сонымен қатар өзіңізбен бірге:

жеке басын куәландыратын құжат;
адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
адамның (отбасы мүшілерінің) табысы туралы мәліметтер;
қиын жағдайы туындағанын растайтын акт және/немесе құжат болуы керек.

@elinfo_kz