Get Mystery Box with random crypto!

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті кім ала алады? МӘМС арқ | EL.INFO

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті кім ала алады?

МӘМС арқылы тіс дәрігерінің қызметіне жүгіне алатындардың тізіміне азаматтардың жекелеген санаттары кіреді.

Сонымен, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер жоспарлы стоматологиялық көмек ала алады.

Шұғыл стоматологиялық көмек төмендегі тізімде көрсетілген санаттағы азаматтарға қолжетімді:

18 жасқа дейінгі балалар;
жүкті әйелдер;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
зейнеткерлер;
инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастар;
мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.

@elinfo_kz