Get Mystery Box with random crypto!

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу алгоритмі Бұдан бұрын хабар | EL.INFO

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу алгоритмі

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жұмыссыз қалған уақытта мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға болады.

Жарты жылға дейін жоғалған табыстың 40%-іне дейінгі мөлшерде ай сайынғы төлем алуға болады (соңғы 24 айдағы ресми табыстың көрсеткіштері есепке алынады).

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:

eGov.kz порталында авторизациялану;
«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
барлық жолдарды толтырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу;
бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер ХЖҚО 3 жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таба алмаса, онда өтініш берушіге жұмыссыз мәртебесі беріледі;
өтініш берушіге оның жаңа мәртебесі туралы SMS және төлемді алуға келісім беру туралы хабарлама келеді. Келісім алғаннан кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.


@elinfo_kz