Get Mystery Box with random crypto!

«Жошы хан»: жаңа сапа, жаңаша пайым Жаңа Қазақстанның жаңал | EL.INFO

«Жошы хан»: жаңа сапа, жаңаша пайым

Жаңа Қазақстанның жаңалықтары тек саяси оқиғалармен ғана емес, елдің рухын көтеретін, ойын тербетіп, еңсесін тіктейтін мәдениет жаңалықтарымен де толығып жатыр десек болады. Соның бір айғағы – Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында қойылған “Жошы хан” тарихи драмасы.

“Жошы хан” драмасының идеясы қазақ даласындағы түркі тайпаларын бір ұлысқа біріктіріп, Ұлытауда ордасын тіккен, Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы – Жошы ханның образын ашуға арналған. Десе де тарихтан белгілі болғандай, шығармада қан шеңгелдеп туса да, туған бауырын оққа қиса да, жарты әлемді қаһарымен жасқаса да, Шыңғыс ханның алдымен қаталдығы мен қайырымы астасқан әке, кешегі мен бүгінін, ертеңін де кеңінен ойлар тұлға, қаһармандық пен сатқындықты безбендеп парасатты пайымға салар билеуші екенін ұқтырады.

Толығырақ

https://e-history.kz/kz/news/show/339292

@elinfo_kz