Get Mystery Box with random crypto!

Астанада «EURASIAN BOOK FAIR — 2023» Еуразия халықаралық кітап | EL.INFO

Астанада «EURASIAN BOOK FAIR — 2023» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық шара.

19-23 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткізілетін кітап-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары: кітап оқуды насихаттау; оқу мәдениетін қалыптастыру; әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи үздік ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну; дүниежүзілік кітап басып шығару және полиграфия индустриясының тәжірибесін зерделеу; байланыс орнату және баспа саласындағы жетістіктерді көрсету.

@elinfo_kz