Get Mystery Box with random crypto!

Ақпараттық хабарлама 2023 жылғы 2 маусымда Солтүстік Қазақста | QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

Ақпараттық хабарлама

2023 жылғы 2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.
Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 10:00-да (елорда уақытымен) басталады.
Парламент Сенаты депутатының мандатына 2 кандидат үміткер болып отыр.
Облыс бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 193 депутаты енгізілген.
Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады:
- таңдаушыларды тіркеу бойынша:

https://dot.saylau.kz/erv/Ervpi/Diagram?lang=kk

- дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығару бойынша:

https://dot.saylau.kz/erv/Ervpi/Results?lang=kk

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланады - https://t.me/electionelection.