Get Mystery Box with random crypto!

Шетелде сағат 19.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 мыңнан | QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

Шетелде сағат 19.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 мыңнан астам азаматы дауыс берді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ОСК брифингінде Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында ҚР шет елдердегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 016 адам болатын 77 учаскелік сайлау комиссиясы құрылғанын хабарлады.
Бүгін сағат 19:00-дегі жағдай бойынша (а. ж. 19 наурыз) шетелде 11 учаскелік сайлау комиссиясының (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және жалпы алғанда 5071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл 41,8 процент.
66 учаске жұмысын жалғастыруда.